Түркия Маариф қоры білім беруде маңызды рөл ойнауда

Ердоған Түркия Маариф қоры тарапынан ұйымдастырылған "Стамбұл білім беру саммитіне" видео жолдама жіберді.

1738710
Түркия Маариф қоры білім беруде маңызды рөл ойнауда

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия Маариф қорының әлемде білім беруде маңызды рөл ойнағанын айтты.

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия Маариф қоры тарапынан ұйымдастырылған "Стамбұл білім беру саммитіне" видео жолдама жіберді.

Түркия атынан шетелде маңызды жұмыстар істеген ұйымдардың бірінің Түркия Маариф қоры екенін түсіндірген Ердоған қордың осы таңда  6 құрлықтың 47 елінде 414 мектебімен мөлшермен 50 мың оқушыға білім бергенін баяндады.

Әлемнің ең қиын географияларында қор қызметкерлерінің табандылық және белсенділікпен жұмыстарын жалғастырғанын айтты.

Президент Ердоған"Түркия Маариф қоры тек Фетуллахшы террор ұйымының күйреткен олқылықтарын толықтырумен қатар әлемнің әр жерінде білім беруде маңызды рөл ойнауда" деді.

Президент Ердоған қор мектептерінің білім беру сапасымен бірге мықты мамандарымен де мақтауға ие болғанын білдірді.

 

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар