Абу Даби әмірлігінің тақ мұрагері Ердоғанға алғыс айтты

Абу Даби әмірлігінің тақ мұрагері Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянд президент Ердоғанға денсаулық, бақыт және түрік халқына қауіпсіздік, тұрақтылық пен байлық тіледі.

1738342
Абу Даби әмірлігінің тақ мұрагері Ердоғанға алғыс айтты

Абу Даби әмірлігінің тақ мұрагері Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянд кеше астана Анкараға ресми сапармен келгеннен кейін президент Режеп Тайып Ердоғанға жедел хат жолдап, алғыс айтты.

Президент Ердоғанға алғыс айтқан Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянд "Түркияға жасаған сапарым екі ел арасындағы қарым-қатынастардың күшейтілуі, ортақ мүдделерге қызмет ету және екі дос халықтың бауырлыстық байланысын күшейту үшін бір орай болды" деді.

Тақ мұрагер Бен Заид Ердоғанға денсаулық, бақыт және түрік халқына да қауіпсіздік, тұрақтылық және байлық тіледі.

Біріккен Араб Әмірліктерінің ресми хабар агенттігі "WAM" да Абу Даби әмірлігінің тақ мұрагері Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаяндтың Түркия сапарына орын берді.

Хабарда Абу Даби әмірлігінің тақ мұрагері Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаяндтың Түркия астанасы Анкарада президент Режеп Тайып Ердоғанмен кездескенін білдіріп "Экономикалық қарым-қатынастарымызды күшейту үшін маңызды бір кездесу болды" деген сөздерге орын берілді.

 



Ұқсас жаңалықтар