Түркия үшін PKK және террор тақырыбы өте маңызды

Фарук Каймакчы жиналыстың ашылу рәсіміндегі сөзінде Еуропа Одағы мүшелік процесінде маңызды жаңалықтар болғанын білдірді.

1737101
Түркия үшін PKK және террор тақырыбы өте маңызды

Түркия мен Еуропа Одағы аралас кеңес комитетінің 40-шы жиналысы Измирде басталды.

Сыртқы істер министрі орынбасары және Еуропа Одағы төрағасы, елші Фарук Каймакчы жиналыстың ашылу рәсіміндегі сөзінде Еуропа Одағы мүшелік процесінде маңызды жаңалықтар болғанын білдірді.

Каймакчы "Біз бұл тақырыпты Түркияның мүшелік перспективасы тұрғысынан қолға алғымыз келеді" деді.

Фарук Каймакчы PKK және террор тақырыбының Түркия үшін маңызды екенін түсіндіріп, "PKK-ның Еуропа Одағы террор ұйымы тізіміне кіруі біз үшін маңызды, бірақ жеткілікті емес. Тек PKK ғана емес, Фетуллахшы террор ұйымын да тізімнің ішіне алу  керек" деді.

Босқын тақырыбына да тоқталған Каймакчы Еуропа Одағы мен Түркия қарым-қатынасының босқын және ақша тақырыбымен ғана шектелмегенін айтты. Каймакчы ақшаның Түркияға емес, Түркиядағы сириялықтарға берілгенін баяндап, сириялық босқындардың солтүстік Сирияға кері қайтуын қамтамасыз ету үшін ынтымақтастық жасау керектігін атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар