Ибрахим Калын АҚШ Ұлттық Қауіпсіздік ақылшысымен телефонда сөйлесті

Ибрахим Калын АҚШ Ұлттық Қауіпсіздік ақылшысы Джейк Салливанмен телефон арқылы сөйлесті.

1736228
Ибрахим Калын АҚШ Ұлттық Қауіпсіздік ақылшысымен телефонда сөйлесті

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын АҚШ Ұлттық Қауіпсіздік ақылшысы Джейк Салливанмен телефон арқылы сөйлесті.

Президенттік аппараттың баспасөз хатшылығынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Калын мен Салливан телефондағы әңгіме барасында екі ел қарым-қатынастарын, саяси және экономикалық  байланыстарды, қорғаныс ынтымақтастығын дамыту, жаһандық және аймақтық тақырыптарды қолға алды.

Телефондағы әңгімеде Ауғанстандағы саяси жағдай және гуманитарлық жәрдем, Сирияның территория тұтастығы және террордан тазалану, Ливиядағы саяси процес, Таулы Қарабахта бейбітшілік және тұрақтылықтың түбегейлі түрде орнатылуы, Украина шығысында болған оқиғалар, Беларусь-Польша шекарасындағы дағдарыстың шешілуі және Жерорта теңіздің шығысы сынды тақырыптар егжей-тегжейлі  талқыланды.

Әңгіме барысында сонымен қатар президент Режеп Тайып Ердоған мен АҚШ президенті Джо Байден арасында Италияның астанасы Римдегі Үлкен жиырмалық көшбасшылар саммитінде тілге тиек етілген ортақ стратегиялық механизм қолға алынды.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар