Ердоған Нигер президентімен сөйлесті

Түркия-Нигер қарым-қатынастары мен аймақтық мәселелер талқыланды.

1735762
Ердоған Нигер президентімен сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Нигер президенті Мұхаммед Базуммен телефон арқылы сөйлесті.

Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда телефон әңгімесінде Түркия-Нигер қарым-қатынастары мен аймақтық мәселелер талқыланды.

Әңгіме барысында Нигермен қарым-қатынасқа үлкен мән беретінін білдірген президент Ердоған Нигердің Фетуллахшы террор ұйымымен (ФЕТО) күресте жақын ынтымақтастығын жалғастыратынына сенім жеткізді.

Нигерде сейсенбі күні болған қарулы шабуылда қаза тапқандар үшін көңіл айтқан президент Ердоған Түркияның Нигердің террормен күресу әрекеттерін қолдайтынын білдірді.

Президент Ердоған Нигер Түркиядан сатып алатын TB2 қарулы ұшқышсыз ұшу аппараты, «Хүркуш» оқу ұшағы және броньды көліктердің осы елдің әскери және қауіпсіздік күштерінің мүмкіндіктерін арттыратынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар