Сыртқы істер министрі Молдовада

Чавушоғлу Молдовамен қарым-қатынастардың ортақ мәдени және тарихи байланыстарға негізделгенін атап көрсетті.

1735683
Сыртқы істер министрі Молдовада

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның Молдованы тәуелсіздік алғаннан бері қолдап келгенін айтты.

«Біз әрқашан Молдованың егемендігі мен аумақтық тұтастығын толық қолдайтынымызды баса айттық» деді ол.

Министр Чавушоғлу Молдованың астанасы Кишиневте жеке және делегациялар арасындағы кездесуден кейін Молдова Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер және Еуропалық интеграция министрі Нику Попескумен ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.

Чавушоғлу Молдовамен қарым-қатынастардың ортақ мәдени және тарихи байланыстарға негізделгенін атап көрсетті.

Алдағы жылы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығын тойлайтындарын атап көрсеткен Чавушоғлу осыған орай келесі жылы ортақ іс-шаралар ұйымдастыруға келіскендерін айтты.

Чавушоғлу Молдованың ажырамас бөлігі болып табылатын Гагауз автономиялық аймағының Түркия мен Молдова арасындағы қарым-қатынастарды нығайта түсетін достық көпірі екенін атап көрсетті.

Коронавирус (Ковид-19) індетіне қарамастан екі ел арасындағы сауда көлемінің артқанын атап көрсеткен министр 1 миллиард долларлық мақсатқа күн сайын жақындап келе жатқандарын айтты.

"Бүгін біз вакцина сертификаттарын өзара тану үшін қажетті шараларды қабылдауға келістік. Бүгін мен Никуге Молдоваға қажет болса, қосымша вакциналарды жібере алатынымызды да айттым" деді министр.

Ол: «Біз келесі процесте бүкіл Молдовадағы даму жобаларын қолдауды жалғастырамыз»  деді.



Ұқсас жаңалықтар