Явуз Селим Кыран түрік азаматтық қоғамдарының өкілдерімен кездесті

Явуз Селим Кыран Францияның астанасы Парижде түрік азаматтық қоғамдарының өкілдерімен кездесті.

1735516
Явуз Селим Кыран түрік азаматтық қоғамдарының өкілдерімен кездесті

Сыртқы істер министрінің орынбасары Явуз Селим Кыран Францияның астанасы Парижде түрік азаматтық қоғамдарының өкілдерімен кездесті.

Түркияның Франциядағы елшілігінде ұйымдастырылған іс-шараға Түркияның Франциядағы  өкілетті және төтенше елшісі Али Онанер, Париж Бас консулы Сердар Белентепе және көптеген түрік азаматтық қоғамдарының өкілдері қатысты.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Явуз Селим Кыран бұл жердегі сөзінде Еуропада кең қанат жайған ислам, шетелдік және түрік дұшпандығы әрекеттері мен сөздерінің ең көп Парижде өмір сүрген түріктерге қауіп төндіргенін білдірді. Кыран елшіліктердің,  бас консулдықтардың және Түркиядағы органдардың президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығында осы қауіптермен күресте қандай қадам басылуы керектігін талқылағандарын айтты.

Явуз Селим Кыран осы тақырыпта маңызды қадамдар басқандарын білдірді.

Кыран президент Ердоғанның және Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуның қатысты жауаптылармен өткізген кездесулерде  алдымен шетелде өмір сүрген азаматтардың мәселелерін күн тәртіпке әкелгенін білдірді.

 



Ұқсас жаңалықтар