Түрік Қарулы Күштерінде химиялық қару жоқ

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар "Түрік Қарулы Күштерінің инвентаризациясында химиялық қару жоқ" деді.

1734852
Түрік Қарулы Күштерінде химиялық қару жоқ

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Жоспар және бюджет комиссиясында Ұлттық Қорғаныс министрлігінің 2022 жылғы бюджет жиналысында депуттардың сұрақтарына жауап берді.

Химиялық қару пайымдауларына жауап берген Акар былай деді: "Түрік Қарулы Күштерінің инвентаризациясында, Түрік Қарулы Күштері тармағында ешқандай бір газ, химиялық қару жоқ. Бұндай бір нәрсе тілге тиек емес. Жасырынды ешқандай нәрсе жоқ. Мамандар Түркияда және Түрік Қарулы Күштері тармағанда химиялық қарудың  болмағанын ашық түрде жариялаған. Алайда Түркия Республикасының, Түрік Қарулы Күштерінің, түрік әскерлерінің абыройын және террормен күресін қаралау үшін осындай пайымдаулар алға тартылуда. Бұлардың ешбір негізі жоқ" .

 



Ұқсас жаңалықтар