"Ерен қыс" операциялары жалғасуда

Сүлейман Сойлу Түркияға сапарлай келген Моңғолия Қорғаныс министрі Сайханбаяр Гүрседпен кездесті.

1734735
"Ерен қыс" операциялары жалғасуда

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу "Ерен қыс" операциялары арқылы террористердің залалсыздандырылғанын, көптеген қару-жарақ пен материалдар қолға түсірілгенін айтты.

Сүлейман Сойлу Түркияға сапарлай келген Моңғолия Қорғаныс министрі Сайханбаяр Гүрседпен кездесті. Артынан екі министрдің төрағалығында Түркия-Моңғолия Аралас Экономикалық комиссиясының 9-шы кезекті жиналысы өткізілді. 

Жиналыстан кейін Сойлу мен Гүрсед ортақ баспасөз жиналысын ұйымдастырды.

Жиналыста екі жақтылы сауда, энергия, денсаулық сақтау, білім беру, ұйымдық күшті дамыту, инфрақұрылым және мәдениет салаларында Түркия мен Моңғолия арасында көлемді жол картасының сызылғанын айтқан министр Сойлу табысты екі жақтылы қарым-қатынастардың сауда мен экономика саласында да дамуы керектігін атап көрсетті.

Сойлу ПКК террористік ұйымына бағытталған "Ерен қыс" операцияларына байланысты сұраққа орай Түркиядағы террорист саны азайғанын, террорға қарсы операциялардың жалғасып жатқанын ескертті.

ПКК террористік ұйымына қарсы операциялардың террорды жойғанға дейін жалғасатынын айтқан Сойлу:

"Жаңа басталған "Ерен қыс-1, Ерен қыс-2, Ерен қыс-3 және Ерен қыс-4" операцияларында  көптеген террорист залалсыздандырылды. 98 үңгір, баспана, қойма жойылды, көптеген қару-жарақ пен материалдар қолға түсірілді" деді. 



Ұқсас жаңалықтар