Акар "2021 жылы 2 мың 426 террорист залалсыздандырылды" деді

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар "Ардақты ұлтымызды террордың лаңкестік шабуылдарынан құтқаруға табандымыз" деді.

1734535
Акар "2021 жылы  2 мың 426 террорист залалсыздандырылды" деді

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар 2015 жылы 24 шілдеден осы таңға дейін мемлекет ішінде, Ирактың және Сирияның солтүстігінде 32 мың 90, осы жылдың басынан бастап 2 мың 426 террористтің залалсыздандырылғанын айтты.

Акар астана Анкарада Түркия Ұлттық Мәжілісі Жоспар және Бюджет комитетіндегі баяндамасында бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның YPG-мен бірдей екені жөнінде ешқандай күдіктің болмағанын білдіріп, "Ардақты ұлтымызды террордың  лаңкестік шабуылдарынан құтқаруға табандымыз" деді.

Түрік Қарулы Күштерінің тек мемлекеттің қауіпсіздігі ғана емес, дос және бауырлас елдердің бейбітшілігі, тыныштықты және қауіпсіздігі үшін жалғасты күрес жүргізгенін түсіндірген Акар "500 жылдық бауырластық қарым-қатынастарымыз болған Ливияда екі жақты келісімдеріміз бар. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің бекітуімен әскери жаттығу, жәрдем және селбесу жұмыстары істелуде. Біз Ливияда шетелдік емес екенімізді түсінуіміз керек" деді.

Қазір Ливиядағы тұрақтылық үшін бір жаңалық болса және саяси процес басталса, онда бұның Түркияның үлестерімен ғана жүзеге асқанын түсіндірген Хулуси Акар "Ливия оргардары да бұл шықдықты тілге тиек етуде. Мақсатымыз Ливия және Ливия халқының түсінігімен территория тұтастығы мен саяси береке-бірліктің орнауы, сондай-ақ бейбітшілік пен тұрақтылық ішінде өмір сүрген бір Ливияның қалыптасуына үлес қосу" деді.

Түрік Қарулы Күштерінің Ауғанстанда да осы таңға дейін маңызды міндет атқарғанын, Біріккен Ұлттар Ұйымы және НАТО шешімдеріне сай Түрік Қарулы Күштері тармағында Ауғанстанда 2002 жылынан бастап мөлшермен 20 мың қызметкердің міндет атқарғанын білдірген Акар "Бұдан кейін де аймақтағы оқиғаларды қадағалап отырамыз" деді.

Министр Хулуси Акар сонымен қатар Эгей және Жерорта теңізінің шығысында әрі Түркияның, әрі Солтүстік Кипр Түрік Республикасының мүдделерін қорғауға табанды екенін айтты.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар