"Түркияның қорғаныс өнеркәсібін алыптар лигасына көшірдік"

Президент Ердоған Memur-Sen кәсіподағының "Үлкен Түркия" тақырыпты бас қосу бағдарламасына қатысты.

1733685
"Түркияның қорғаныс өнеркәсібін алыптар лигасына көшірдік"

Президент Режеп Тайып Ердоған жаһандық бандаларға қарамастан, Түркияның қорғаныс өнеркәсібін алыптар лигасына көшіргендерін атап көрсетті.

Президент Ердоған Стамбул Конгресс орталығында Memur-Sen кәсіподағының «Үлкен Түркия» бағдарламасында баяндама жасады.

«Қазір İHA-ларымыз (қарусыз пилотсыз әуе көліктері) бар ма? Иә, бар. SİHA-ларымыз (қарулы пилотсыз әуе көліктері) бар ма? Ол да бар. Енді біз жоғары сегментке өттік. Енді шабуыл мақсатты пилотсыз әуе көлігі AKINCI-ларымыз да бар» деген президент Ердоған «Бізді өздеріне тәуелді қылғысы келген жаһандық бандаларға қарамастан, қорғаныс өнеркәсібімізді алыптар лигасына көшірдік. Елімізді қазіргі өркениеттер деңгейінен жоғары көтеру үшін жүгіріп жүргенде, қарсыластарымыз бар күшін Түркияны аяғынан ұстап, құлату үшін жұмсауда» деді.



Ұқсас жаңалықтар