Калын Париждегі Ливия конференциясын бағалады

Калын: «Ливиядағы әскерлерімізді шетелдік жалдамалы жауынгерлермен теңестіруге болмайды».

1733650
Калын Париждегі Ливия конференциясын бағалады

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын «Ливиядағы түрік әскерлерін шетелдік жалдамалы жауынгерлермен теңестіруге болмайды» деді.

Ибрахим Калын өзі қатысқан бір телебағдарламада Францияның бас қаласы Париждегі Ливия конференциясына қатысты «Екі ел арасындағы келісім бойынша сол жерде қызмет еткен түрік әскерлерінің шетелдік жалдамалы жауынгерлермен теңестірілуін ешқашан қабылдамаймыз» деп бағалау жасады.

Париждегі Ливия конференциясы туралы Калын «Бұл жиында шетелдік жалдамалы сарбаздарды шығару мәселесін түрік әскерлерімен байланыстыруға тырысуда, бұл бізді мазалауда. Әскерлеріміз Ливия үкіметімен жасалған келісім нәтижесінде заңды түрде сол жерде. Әскери мамандарымыз сол елде кеңесшілік қызмет көрсетуде» деді.

«Ливияның басты мәселесі түрік әскерлерінің елден кетуі емес. Бізді алаңдататын бірінші мәселе – Ливияның аумақтық тұтастығы» деген Калын «Сирияға жаңа операция жасалуы мүмкін бе?» деп қойылған бір сұраққа «Біздің қауіпсіздік концепциямыз террористік қауіп бар жердегі қауіпті жою» деп жауап қайтарды.



Ұқсас жаңалықтар