Ердоған баспасөз жиналысын өткізді

Президент Ердоған өркениеттер бесігі Түркістан географиясының адамзат үшін қайтадан өзіне баурау және нұрлану орталығына айналатынын айтты.

1733312
Ердоған баспасөз жиналысын өткізді

Президент Режеп Тайып Ердоған:

"Жаңа атымыз және құрылымымыз Түрік Мемлекеттері Ұйымымен бұдан былай тіпті жылдам әрекеттеніп, терең тамыр тартып, өсіп-өніп, болашаққа беталамыз" деді.

Президент Ердоған Стамбулдағы Демократия мен еркіндіктер аралында ұйымдастырылған Түрік Кеңесінің мемлекет басшылары 8-ші саммитінен кейін баспасөз жиналысын өткізді.

Президент Ердоған Түрік Кеңесінің аты "Түрік Мемлекеттері Ұйымы" деп өзгертілгенін жариялады.

Президент Ердоған өркениеттер бесігі Түркістан географиясының адамзат үшін қайтадан өзіне баурау және нұрлану орталығына айналатынын айтты.

Президент Ердоған саммит жиналысында ұйымның болашағын белгілейтін Түркі әлемі 2040 көрініс құжатын қабылдағандарын білдірді.

Президент Ердоған:

"Ковид-19 індеті кезінде мүмкіндіктерімізді бөлісу арқылы Түркі әлемінің береке-бірлігін көрсеттік. Түрік Кеңесі ретінде Африкаға 2.5 миллион компонент вакцина бағыштаймыз, мұның 2 миллион компонентін Түркия бағыштайды" деді.



Ұқсас жаңалықтар