Ататүрік қайтыс болуының 83 жылдығында Австралияда еске алынды

Ұлы көсем Ататүрік Австралияның бас қаласы Канберраға қоса Сидней, Мельбурн және Брисбенде еске алынды.

1731811
Ататүрік қайтыс болуының 83 жылдығында Австралияда еске алынды

Түркия Республикасының негізін қалаушы Ардагер Мұстафа Кемал Ататүрік қайтыс болуының 83 жылдығында Австралияның бас қаласы Канберраға қоса Сидней, Мельбурн және Брисбен қалаларында салтанатты іс-шаралармен еске алынды.

Түркияның Австралиядағы елшілігі бас қаладағы Ататүрік ескерткішінде, Сидней мен Мельбурн бас консулдықтары бас ғимараттарында және Брисбендегі құрметті консулдық Галлиполи Ататүрік ескерткішінде «10 қараша Ататүрікті еске алу» іс-шараларын ұйымдастырды.

Рәсімдерге Түркияның Австралия елшісі Корхан Каракоч, Сидней бас консулы Али Севим, Мельбурн бас консулы Ариф Эсер Торун, Брисбендегі құрметті консул Тұрғыт Манлы, елшілік пен консулдық қызметкерлеріне қоса азаматтар қатысты.

Салтанатты рәсімдерде еске алу сөздерінің артынан Ардагер Мұстафа Кемал Ататүрік қайтыс болған уақыт сағат 09:05-те бір минуттық үнсіздік жарияланды.

Артынан Мемлекеттік әнұран орындалған салтанатты шараларда ескерткіштерге гүл шоқтары қойылып, түрік байрақтары ілінді.



Ұқсас жаңалықтар