Президент Ердоған Римге барды

Президент Режеп Тайып Ердоған Үлкен 20 көшбасшылар саммитіне қатысу үшін Италияның астанасы Римге барды.

1726720
Президент Ердоған Римге барды

Жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індеті басталғалы бері Үлкен 20 көшбасшылар саммиті бірінші рет бетпе-бет Римде өтеді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Үлкен 20 көшбасшылар саммитіне қатысу үшін Италияның астанасы Римге барды.

Президент Ердоғанды Леонардо да Винчи атындағы Рим-Фьюмичино халықаралық әуежайында Түркияның Италиядағы өкілетті және төтенше елшісі Өмер Гүжүк, Түркияның Ватикандағы өкілетті және төтенше елшісі Лүтфуллах Гөкташпен қатар Рим және Ватикандағы елші қызметкерлері қарсы алды.

Саммитте көшбасшылар эпидемияға жедел ден қоюды қамтамасыз етуге назар аударады және көпжақтылықты, теңдік пен денсаулық сақтаудың қолжетімділігін қамтамасыз ету, болашақ күйзелістерге төзімділікті арттыру және жалпы әл-ауқатты қолдау бойынша жаңа міндеттемелер қабылдайды деп күтілуде.

Президент Ердоған саммит барысында әлем көшбасшыларымен қарқынды дипломатиялық қатынас жүргізеді. Ердоған Италия премьер-министрі Марио Драгидің үй иелегінде ұйымдастырылатын мәдени іс-шараға қатысады және Италия Президенті Серджо Маттарелланың әлем көшбасшыларына берілетін кешкі қонақасына қатысады.

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар