Ердоған Ататүрік мәдениет орталығы бағын ашты

Президент Ердоған Анкараға жарасатын Ұлттық парк дайындықтарын бастағанын жариялады.

1726346
Ердоған Ататүрік мәдениет орталығы бағын ашты

Президент Режеп Тайып Ердоған «Анкара 2053 жылға арналған көзқарасымыздың бірінші және ең өршіл мақсаты ретінде белгілеген 'Жасыл даму төңкерісінің' локомотив қаласы болады деп үміттенеміз» деді.

Президент Ердоған бас қала Анкарадағы Ататүрік мәдениет орталығы (АМО) Ұлттық бағын ашу салтанатында сөйлеген сөзінде Стамбул Ататүрік әуежайында Республиканың 100 жылдығына лайық ұлттық бақ құрылатынын және тендердің жылдың соңына дейін аяқталатынын білдірді.

Ердоған Дүниежүзілік банк пен дамыған елдер арқылы Түркияға әкелген 3 миллиард 157 миллион долларлық қаржыны жасыл климатқа қолайлы жобаларға пайдаланатындарын білдірді.

Режеп Тайып Ердоған «2023 жылғы сынақтан сәтті өттік, Түркияны тоқтатын ешбір күш немесе ешбір кедергіні мойындамаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар