Эгей теңізінде 4 босқын бала суға кетті

Грекияның Көші-қон және баспана министрі Нотис Митаракис мәлімдеме жасады.

1725290
Эгей теңізінде 4 босқын бала суға кетті

Эгей теңізінде орналасқан Хиос аралында босқындар мінген қайықтың суға кетуі салдарынан 4 бала қаза тапты.

Грекияның Көші-қон және баспана министрі Нотис Митаракис твиттер аккаунтынан апат туралы ақпарат бөлісті.

Қайтыс болғандардың 3-14 жасар аралығындағы 4 бала екенін атап көрсеткен Митаракис суға батып бара жатқан қайықтан 22 адамның құтқарылғанын, 1 адамның қазірше із-түзсіз жоғалғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар