Ердоған Африка елдеріне вакцина берілетінін айтты

Президент Ердоған Стамбул Конгресс орталығында Түркия-Африка Экономика және бизнес форумына қатысты.

1723705
Ердоған Африка елдеріне вакцина берілетінін айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған:

"Түркияның басшылығында Түрік Кеңесіне мүше елдермен бірге Африка елдеріне вакцина жәрдемін жасаймыз" деді.

Президент Ердоған Стамбул Конгресс орталығында Түркия-Африка Экономика және бизнес форумына қатысты.

Түркияның Африка елдерімен қарым-қатынастарына тоқталған Ердоған:

"Алдағы кезеңдерде арамыздағы шынайы байланыстардың тың өреге көтерілетініне сенемін. Құрлық көлеміндегі инвестицияларымыз 6 миллиард доллардан асты. Аймақпен саудамыз 2020 жылдың соңында 25.3 миллиард долларға жетті. Нысанамыз осы санды алдымен 50, артынан 75 миллиард долларға көтеру" деп көрсетті.

Президент Ердоған:

"Денсаулық сақтау саласындағы ауыр кезеңде Африка халқы жалғыз тасталды, індетпен күрес барысында шипа болатын ешқандай жәрдем алмады. Түркияның басшылығында Түрік Кеңесіне мүше елдермен бірге құрлық елдеріне вакцина жәрдемін жасаймыз. Медициналық жабдықтар мен материалдар жәрдемін жасаған елдеріміз арасында Африкадан 44 ел де бар" деді.

Президент Ердоған:

"Ауыр күндерді бастан өткізіп отырғанымызда вакцина мәселесіне тек қана материалдық мүдде және пайда табу көзқарасымен қарауымыз тура болмайды" деді. 



Ұқсас жаңалықтар