Президент журналистердің сұрақтарына жауап берді

Ердоған Ангола, Того және Нигерия сапарынан қайтарда ұшақта журналистердің сұрақтарына жауап берді.

1723080
Президент журналистердің сұрақтарына жауап берді

Президент Режеп Тайып Ердоған: «Америка Құрама Штаттарына F-35 ұшақтары үшін төленген 1 миллиард 400 мың долларымызды қайтсек де аламыз» деді.

Ердоған Ангола, Того және Нигерия сапарынан қайтарда ұшақта журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Президент Ердоған F-35 ұшақтары жөнінде былай деді: «Қазір төмен деңгейде келіссөздер болып жатыр. Бірақ біз осы 1 миллиард 400 миллион долларымызды қайткен күнде қайтарып аламыз. Римдегі Үлкен жиырмалық жиналысында президент Джо Байденмен сөйлесеміз. Түркияның құқығының аяққа тапталуына рұқсат етпейміз».

Ердоған бір журналистің «Сирияға шекара тысы операция жасала ма?» деген сұрағына орай «Қазір біздің осы аймақта операцияларымыз жалғасып жатыр. Кері шегінбейміз. Сириядағы процесті қадағалап отырмыз. Қазір Идлибте қаруларымызбен жауап беріп отырмыз. Осындағы жағдай бір бағытта жылжымайды» деп жауап берді.

Батыс Африка туры шеңберінде 17 қазан күні басталған сапарын тиімді аяқтағандарын білдірген президент осылайша бүгінге дейін Африканың 30 еліне 41 сапар ұйымдастырғандарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар