"Беделді қаржы орталығы боламыз"

Президент «Аймақтық қаржы конференциясына» видео үндеу жолдады.

1722956
"Беделді қаржы орталығы боламыз"

Президент Режеп Тайып Ердоған Стамбул Қаржы орталығы арқылы әлемдегі маңызды орталықтардың бірі болатындарын айтты.

Президент «Аймақтық қаржы конференциясына» видео үндеу жолдады.  Ол шамамен екі жылдан бері медицинамен бірге экономикалық жағынан жаһандық дағдарыспен арпалысып келе жатқанын білдірді.

Президент Ердоған 2020 жылы әлем экономикасы 3,5 пайыз тарылса, жаһандық сауданың 10 пайыз тарылғанын атап көрсетті. Ол азық-түлік бағасының әлем көлемінде соңғы он жылдың рекордына жеткенін еске салды.

Президент Түркияның осы процесте әрі эпидемиямен күресте,  әрі экономика саласында басқаша әдіс қолданғанын айтып: «Эпидемия шыңына жеткен кезде де өндіріс, логистика, жұмыспен қамту және өнеркәсіпте жұмыстарды тоқтатпадық. 2020 жылы 1,8 пайыздық өсім тіркеп, Үлкен жиырмалық елдер арасында ең көп өсімге жеткен ел болдық. Осы өрісті 2021 жылдың алғашқы тоқсанында 7,2 және екінші тоқсанында 21,7 пайызға жеткіздік. Сол секілді экспортта да рекорд жаңартып,  жылына 212 миллиард доллардан астық. Эпидемия кезінде әлемде инвестициялар 35 пайыз азайса, бізде еш тоқтамады. 2021 жылды да бұйырса 9 пайыздық өсіммен аяқтаймыз» деді.

Осы табыстарға параллель халықаралық инвесторлардың Түркияға бағытталған қызығушылығының артқанын білдірген Ердоған: «Стамбул Қаржы орталығы арқылы осы салада әлемдегі маңызды орталықтардың бірі боламыз.  Осы жобаның Ислами қаржы тұрғысынан да орталыққа айналуын қалаймыз» деді.

Ердоған Түркияның  бизнесс құру және еңбек ету мүмкіндіктері тұрғысынан халықаралық инвесторлар үшін едәуір тартымды заңнамасы бар екенін айтып, инвесторларды Түркияға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар