Түркиядан үштік басшылар саммитіне наразылық

ТР Сыртқы істер министрлігі Грекия, Мысыр және Оңтүстік Кипр Понти Әкімшілігі арасында өткен үштік саммитке наразылықы көрсетті.

1722259
Түркиядан үштік басшылар саммитіне наразылық

ТР Сыртқы істер министрлігі Грекия, Мысыр және Оңтүстік Кипр Понти Әкімшілігі арасындағы басшылар саммитінің артынан «әрі Түркияның, әрі  Кипрдегі түріктердің Жерорта теңізінің шығысындағы құқығын  қорғауды жалғастыратынын» мәлімдеді.

Мәлімдемеде Грекия, Мысыр және Оңтүстік Кипр Понти Әкімшілігі арасында кеше өткен басшылар саммитінің артынан жарияланған қорытынды декларацияның грек-понти одақтастығының Түркия мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасына (СКТР) бағытталған дұшпандық саясатының жаңа бір көрінісі екені атап көрсетілді.

Декларацияға қосылған Мысырдың болса Жерорта теңізінің шығысында Каир әкімшілігінің әлі кіммен толық ынтымақтасу керектігін түсінбегендігінің көрсеткіші екені айтылды.

«Жерорта теңізінің шығысында Түркия мен СКТР қосылмайтын бірде-бір бастаманың табысты бола алмайтынын досқа да, дұшпанға да көрсеттік» делінген мәлімдемеде Түркияның аймақ елдері арасында ынтымақтастықт күшейтетін энергетикалық жобаларды қолдағаны, бірақ бұл жобалардың Түркия мен кипрлік түріктердің құқықтары мен мүдделерін назардан тыс қалдырмау және ауқымды болуға тиісті екеніне назар аударылды.

Мәлімдемеде аймақта шиеленісті арттырған негізгі себептің грек-понти одақтастығының максималистік және теңіз шекарасын заңсыз кеңейту талабы мен кипрлік түріктерді елемейтін ұстанымы екені баса айтылды.

Мәлімдемеде сондай-ақ бұл одақтастардың Жерорта теңізінің шығысында бүлік шығару үшін Түркияның қайраңдық шекараларын бұзу әрекетіне қажетті жауаптың қайтарылғаны, «әрі Түркияның, әрі Кипрдегі түріктердің Жерорта теңізінің шығысындағы құқығының табандылықпен қорғалатыны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар