"Журналистерге үлкен жауапкершілік жүктеледі"

TRT бас директоры TRT World Forum 2021-дің беташарында сөз сөйледі.

1721887
"Журналистерге үлкен жауапкершілік жүктеледі"
Mehmet Zahid Sobacı.jpg

Түркия телерадио корпорациясы TRT бас директоры Мехмет Захид Собаджы әлемнің әдеттегіден көп диалогқа, талқылауға,  кеңесуге және жаңа түсінік жетілдіруге мұқтаждығы бар екенін айтты.

Собаджы биыл бесіншісі «Күш және парадокс: 21-ғасырда үлкен стратегияны түсіну» деген тақырыппен өткізілген TRT World Forum 2021-дің беташарында сөз сөйледі.

30-дан астам елден 100-ге тарта қатысушыны қонақ қылған форумда екі күн бойы бүкіл адам баласына қатысы бар жаһандық проблемалар талқыланады.

Бас директор әлемнің әдеттегіден көп диалогқа, талқылауға,  кеңесуге және жаңа түсінік жетілдіруге мұқтаждығы бар екенін айтты.

20-ғасырдың соңынан бастап мемлекеттердің бұрын-соңды кездеспеген, адам баласының барлығына қатысы бар бірсыпыра проблемалармен бетпе-бет қалып отырғанын айтқан Собаджы: «Жаһандық терроризм, ковид-19 секілді індеттер, жаһандық жылыну, интернет қылмыстары және кибер шабуылдар, жаппай көш және табыс таралымы әділетсіздіктері секілді ұлттық мәселелер жаһандық саяси және экономикалық жүйені ірі дағдарыстармен бетпе-бет қалдырды. Бүгінгі күні халықаралық мөлшерде проблемалардың шешімі үшін ынтымақтастық пен өзара ұйымшылдық алға шығады.  Жаһандық экономикалық және саяси жүйенің ықпалдылығы жоғары деңгейлі, ауқымды және үздіксіз ынтымақтастыққа тәуелді» деді.

Собаджы TRT World Forum-да жаһандық және аймақтық проблемаларды жан-жақты перспективада халықаралық қоғамның күн тәртібіне келтіргендерін айтты. «Адамды орталыққа алған хабар тарату түсінігімен жағдайы төмен территориялардың, қоғамдардың және жеке азаматтардың даусы болабілу үшін жұмыстанудамыз.  Хабар тарату принцибі аясында әлемге қатер төндірген барлық дағдарысқа деген сезімталдығымызды телеарналарымыз және радио каналдарымыз,  цифрлық платформаларымызда әлемнің жеті құрлығына 41 тілде жеткізіп отырмыз» деді ол.

 Осы процесте журналистерге үлкен жауапкершілік жүктелгенін атап көрсеткен TRT бас директоры: «Бүгінгі күнгі проблемаларды ашып көрсетіп, қоғамдық және жаһандық сананың артуына үлес қосқан хабар таратудың жаңа  түсінігі цифрлық басқару кезеңінің ажырамас бөлігіне айналды.  Осы шеңберде TRT World Forum-ды болашақтың пішінделуінде пікірталас платформасы ретінде құнды деп есептейміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар