Түркия Нигериядағы опасыз шабуылды айыптады

Түркия Нигерияның Сокото уәлаятындағы базарға жасалған қарулы шабуылды қатаң түрде айыптады.

1721590
Түркия Нигериядағы опасыз шабуылды айыптады

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде Нигерияның Сокото уәлаятына қарасты Горонйо аймағында 2021 жылы 18 қазан күні бір базарға жасалған шабуылда кем дегенде 43 адам қаза тауып, көптеген адамның жараланғаны туралы хабардың өкінішті екені атап көрсетілді.

Мәлімдемеде «Опасыз шабуылды қатаң түрде айыптап, дос және бауырлас Нигерия үкіметі мен халқына көңіл айтамыз. Шабуылда қаза тапқандарға Алланың рақымын, жаралылардың болса тез сауығып кетуі тілейміз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар