Түркия Ауғанстандағы шабуылды айыптады

Түркия Ауғанстанның Кандагар уәлаятындағы бір мешітте жұма намазы барысында ұйымдастырылған бомбалы шабуылды айыптады.

1720264
Түркия Ауғанстандағы шабуылды айыптады

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде "Ауғанстанның Кандагар уәлаятындағы бір мешітте жұма намазы барысында ұйымдастырылған бомбалы шабуылда көптеген адамның қаза тапқанын және жараланғанын естіп, қатты қайғырдық. Лаңкестік шабуылды қатал түрде айыптаймыз. Шабуылда қаза тапқандарға Алладан иман, жараланғандарға шұғыл шипа тілейміз" делінді.

Еске сала кетейік, Ауғанстанда Талибанның қамалы деп аталған оңтүстіктегі Кандагар уәлаятындағы Фатымие мешітіне екі бомбалы шабуыл жасалған. Жанкешті шабуылда 30 адам көз жұмған және 200-ден астам адам жарақат алған еді.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар