"Терроризммен күресті жалғастырамыз"

Президент Ердоған Стамбулда жұма намазынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді.

1720325
"Терроризммен күресті жалғастырамыз"

Президент Режеп Тайып Ердоған Сирияда сепаратистік террорлық ұйым PKK/YPG-ге АҚШ және режим беріп отырған қолдауға қарсы күресетіндерін айтты.

Президент Ердоған Стамбулда жұма намазынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Президент Сирияның солтүстігінде террорлық ұйым бар екенін және оларға қолдау беріп отырған елдердің басында коалиция күштері мен Америка Құрама Штаттары келіп отырғанын білдірді.

«Олар беріп отырған барлық қолдау, қару-жарақ, оқ-дәрі терроризмді асқындырып отыр.  Осыларға қарамастан біз күресімізді жалғастырамыз. Режим осылардан күш алып отыр» деді ол.

Ауғанстандағы оқиғаларға да тоқталған президент Талибанның әлем елдері арасынан өзіне қолдау іздеуге талпынғанын айтты.  Кеше Түркияға келген Талибан делегациясымен өткізілген кездесулерде әрі гуманитарлық көмек, әрі Ауғанстандағы жаңа процестің жалғасуы тақырыбында сөйлескендерін айтқан Ердоған: «Осындай сұраныстарға байланысты біз де ауған халқына көмек береміз. Ауғанстандағы билік халықаралық қатынастарда ауған халқының құқығын қорғасын. Қатынастарда бізбен де,  басқа елдермен де әділ болсын. Осындай қадам басылса, ауған халқымен қатынасты ысырып тастамаймыз» деді.

Президент Кабул әуежайының жұмысына байланысты да «Кабул әуежайының жұмыс істеуін атқарып келген еді.  Бұдан кейінгі процесте егер келісім жасалса, Түркия Катар және Ауғанстан бірігіп қадам басуына болады» деді.



Ұқсас жаңалықтар