13 террорист залалсыздандырылды

"Пенче-Шимшек" және "Пенче-Йылдырым" операцияларымен PKK-лық 13 террорист залалсыздандырылды.

1720102
13 террорист залалсыздандырылды

Ирактың солтүстігінде соңғы екі күнде "Пенче-Шимшек" және "Пенче-Йылдырым" операцияларымен PKK-лық 13 террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің әлеуметтік желісіндегі мәлімдемесіне қарағанда министр Хулуси Акардың "Террорист қай жерде болса, нысанамыз сол жерде" дегеніндей Ирактың солтүстігіндегі террористтер залалсыздандырылуда.

Осы аяда Ирактың солтүстігіндегі Авашин-Басиянда жүргізілген "Пенче-Йылдырым" операция аймағында батыр әскерлеріміздің PKK-лық 8 террористті, Метина аймағындағы "Пенче-Шимшек" операциясында болса PKK-лық 5 террористті залалсыздандырғаны білдірілді.


 

 



Ұқсас жаңалықтар