Террорды тазалау үшін барлық жұмыс жасалады

Мевлүт Чавушоғлу Ресей мен АҚШ-тың Сириядағы уәделерін орындамағанын ескертті.

1719076
Террорды тазалау үшін барлық жұмыс жасалады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Сириядағы террористердің жойылуы үшін "не қажет болса барлығын жасаймыз" деді.

Чавушоғлу бас қала Анкарада Никарагуа Сыртқы істер министрі Денис Монкада Колиндреспен кездесуден кейін өткізілген баспасөз жиналысында Сириядан Түркияға бағытталған PKK/YPG шабуылдарына тоқталды.

Соңғы кезде шабуылдар артқанын және соңғы шабуылдарда Ресей мен АҚШ-тың да жауапкерлігі бар екенін айтқан Чавушоғлу:

"Екі ел де бұл террористерді кемінде 30 километр оңтүстікке жолдауы керек еді. Ресей Тель-Рыфат пен Манбиджді террордан тазаламақ болған. Бұл уәделер орындалмады" деді.

Ресей мен АҚШ-тың уәделерін орындамағанын ескерткен Чавушоғлу: 

""Шабуылдарды айыптаймыз" дейді, алайда бұл қаруларды кім беруде, сен білім беріп отырсың, артынан көңіл аулау үшін айыптау жариялайсың. Бұл террористер осы жерде тұрса, біздің де өз мүмкіндігімізді қолдануымыз керек. Террористердің тазалануы үшін не қажет болса барлығын жасаймыз" деп көрсетті.

Сирияның Мера қалашығында аптаның соңында жасалған шабуылда 2 полиция шейіт болды.

Президент Ердоған осы аймақтарға операция жасау мүмкіндігін айтқан болатын. 



Ұқсас жаңалықтар