Президент Ердоғанның Африка сапары жексенбі күні басталады

Президент Ердоған Ангола, Нигерия және Тогоны қамтитын 4 күндік Африка турын 17 қазан күні бастайды.

1719152
Президент Ердоғанның Африка сапары жексенбі күні басталады

Президент Режеп Тайып Ердоғанның Ангола, Нигерия және Тогоны қамтитын 4 күндік Африка туры 17 қазан жексенбі күні басталады.

Президент Ердоған Анголаға сапары кезінде әріптесі Джоао Мануэль Гончалвес Луренчо Лоренчомен бас қосып, бас қала Анкарада қол қойылған өзара ынтымақтастық келісімдері аясында басылған нақты қадамдарды талқылайды.

Алғаш рет 2016 жылы барған Нигерияға екінші сапарын ұйымдастыратын Ердоған әріптесі Мұхаммад Бухаримен бірге Түркия-Нигерия іскерлік форумына қатысады.

Екіжақты экономикалық және аймақтық жаңалықтар қолға алынатын бас қосуда екі ел арасындағы қарым-қатынастардың нақты әлеуетін арттыру бойынша шаралар қабылданады. Келіссөздер барысында көмірсутегі, тау-кен және энергетика салаларында 3 келісімге қол қойылады.

Ердоғанның Нигерияға сапары кезінде Фетуллахшы террор ұйымына (ФЕТО) қарсы күрес тақырыбынды күн тәртібіне келмек. Бухаримен өткізілетін кездесуде Нигерияның әр түрлі уәлаяттарында жұмыс істейтін "ФЕТО" мектептерінің Түркия Маариф қорына өткізу туралы ұсынысы да күн тәртібінің маңызды мәселелерінің бірін құрайды.

Президент Ердоған Африкаға сапарындағы соңғы аялдамасы Тогоға барады. Түркия-Того қарым-қатынасын жақсартатын мәселелер қолға алынатын сапар барысында екіжақты сауда-саттықты жетілдіру мақсат етіледі.

Ердоған 19 жылдық премьер-министрлік және президенттік кезеңде Африкада барған ел санын 17 қазан күні басталатын іс-сапарын қосқанда 30-ға жеткізеді.



Ұқсас жаңалықтар