"Климат өзгерісі тақырыбында барлық елдер бірге жұмыстануы керек"

Ердоған «БҰҰ Биологиялық түрлілік келісімінің тараптарының 15-ші конференциясына» видео үндеу жолдады.

1718221
"Климат өзгерісі тақырыбында барлық елдер бірге жұмыстануы керек"

Президент Режеп Тайып Ердоған климат өзгерісі және қоршаған ортаға байланысты проблемалармен күрестің елдердің үстіне қалмауы керектігін, барлық елдердің бірге жұмыстануы шарт екенін айтты.

Ердоған «БҰҰ Биологиялық түрлілік келісімінің тараптарының 15-ші конференциясына» видео үндеу жолдады.

Ердоған адам баласының климат өзгерісі,  табиғи апаттар, ластық, су және азық-түлік қауіпсіздігі және биологиялық түрліліктің азаюы секілді емтихандармен бетпе-бет отырғанын тілге тиек етті.  Ол соңғы кезде әлемнің кейбір жерлерінде болған және ауыр шығындарға жол ашқан табиғи апаттардың осы проблемалардың қаншалықты үлкен екенін көрсететінін айтты.

Президент осы жағдайдың қақтығыстарға да жол ашқанын және адамдарды көшіп кетуге мәжбүр еткенін ескертті. «Болашағымызға қауіп төндіретін осы қатер алдында әрине бірінші болып қадам басуы керек адамдар климат өзгерісіне жол ашқан мәселелердің басталуында тарихи жауапкершілігі барлар.  Алайда климат өзгерісі мен табиғи мәселелермен күрес тек белгілі елдердің үстіне қалмауы керек.  Экономикалық күші,  географиялық тұғыры,  тарихи жауапкершілігі не болса болсын барлық елдердің бірге жұмыстануы қажет» деді президент.

Ердоған Түркияның бай биологиялық түрлілікті әрі құрлықта,  әрі теңізде қорғауға табанды екенін атап көрсетті.  Ол Түркияның орман, тау, дала,  сулы жер,  жағалау және теңіз экожүйелеріне ие ел екенін айтып,  әлемдегі 8 өсімдік ген орталығының үшеуінің Түркия жерінде тоғысқанын және жүздеген өсімдіктің атамекені екенін білдірді.

Президент Түркияның келесі жылы Тараптар конференциясының 16-шы жиналысын ұйымдастыратынын, 2022-24 жылдар аралығында БҰҰ Биологиялық түрлілік келісімі кезекті төрағалығын атқаратынын білдіріп,  осы процесте елде және шетелде биологиялық түрліліктің қорғалуы үшін қажетті қадамдардың басылуында бастаушы рол ойнайтынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар