Ауған халқынан теріс айналып кете алмаймыз

Президент Ердоған «G20 Кезектен тыс лидерлер саммитіне» видеоконференция арқылы қатысты.

1718523
Ауған халқынан теріс айналып кете алмаймыз

Президент Режеп Тайып Ердоған халықаралық қоғамның ауған халқына теріс айналу, осы елді өз тағдырымен тастап кету мүмкіндігі жоқтығын білдірді.

Президент Ердоған Ауғанстан тақырыпты «G20 Кезектен тыс лидерлер саммитіне» видеоконференция арқылы қатысты.

Ауғанстанда жаңа саяси және геосаяси шындық бар екенін, елде тұрақтылықтың тез арада қамдалуының тек аймақтық қана емес,  халықаралық деңгейде маңызды екенін білдірді.  Ердоған: «Талибанды ауқымды бір әкімшілік құруға бағыттауымыз керек» деді.

«Халықаралық қоғамның ауған халқына теріс айналу, осы елді өз тағдырына қалдыру мүмкіндігі жоқ» деген президент елде бара-бара артып отырған гуманитарлық дағдарыс себебімен ауған халқымен мықты ұйымшылдық көрсету керектігін атап өтті.

Ердоған Түрік Қызыл жарты ай қоғамының соңғы рет 33 тонна азық-түлік жібергенін еске салып: «Осы қиын күндерде ауған халқына бауырластық міндетімізді атқаруды жалғастырамыз» деді.

Ауғастандағы оқиғалардың көш рискін арттырғанына назар аударған президент: «Түркия Ауғанстаннан келетін жаңа көш толқынын көтере алмайды.  G20 құрамында бір жұмыс тобын құруды ұсынамын.  Түркия ретінде осы топтың басшылығын да атқаруға да дайынбыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар