Түркия Ресейге көңіл айтты
Түркия Ресейге Татарстандағы ұшақ апатына орай көңіл айтты.
1717443
Түркия Ресейде 16 кісі қаза тапқан, 6 кісі жарақат алған ұшақ апатына орай елге көңіл айтты.
Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде:
"Ресей Федерациясының Татарстан Республикасында құлаған ұшақта 16 адамның қаза тапқаны және кемінде 6 адамның жараланғаны хабарына қайғырдық" деп көрсетілді.
Мәлімдемеде:
"Осы ауыр апатта қаза тапқандардың отбасына және Ресей Федерациясы үкіметіне көңіл айтамыз, жаралыларға шұғыл шипа тілейміз" деп жазылды.