Түркия Йемендегі опасыз террор шабуылын айыптады

Түркия Аден губернаторы Ахмед Хамед Ламластың керуеніне жасалған бомбалы шабуылды қатаң түрде айыптады.

1717630
Түркия Йемендегі опасыз террор шабуылын айыптады

Түркия Йеменнің Аден губернаторы Ахмед Хамед Ламластың керуеніне жасалған бомбалы шабуылды қатаң түрде айыптап, көңіл айтты.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде «Йеменнің Аден қаласы губернаторы Ахмед Хамед Ламластың керуеніне бомба тиелген көлікпен жасалған шабуылды қатаң түрде айыптаймыз» делінді.

Мәлімдемеде «Бұл опасыз шабуылда қаза тапқандарға Алланың рақымы мен жаралыларға тез сауығып кетулерін тілей отырып, дос және бауырлас Йемен халқы мен үкіметіне көңіл айтамыз» делінді.

Йеменнің Коммуникация министрі Муаммар әл-Ирьяни Твиттер аккаунтынан жасаған мәлімдемесінде Аден губернаторы Ахмед Хамид Ламластың керуеніне бомбалы шабуыл жасалғанын, оқиға кезінде 6 адамның қаза тауып, 7 адамның да жараланғанын хабарлаған болатын.

Аден губернаторы Ламлас шабуылдан кейін жасаған мәлімдемесінде жағдайының жақсы екенін білдірген еді.



Ұқсас жаңалықтар