Түркия Ауғанстанға 100 тонна бидай тұқымы жолдады

Түркия Ауыл мен орман шаруашылығы министрлігі 3 қалада өндірген тұқымдар Ауғанстанға қарай жолға шықты.

1717928
Түркия Ауғанстанға 100 тонна бидай тұқымы жолдады

Елдегі ашаршылыққа қарсы күрес аясында Адам құқықтары гуманитарлық көмек қоры дайындаған 100 тонна бидай тұқымы жүк көліктерімен Ауғанстанға жіберілді.

Ауғанстандағы соңғы дағдарыстың артынан «Жалғыз қалдырма» ұранымен қайырымдылық акциясы бастаған Адам құқықтары гуманитарлық көмек қоры Кабул, Газне, Майдан Шар, Саид-Абад, Тахар, Кундуз, Баглан және Кандахар қалаларындағы 15 мың ауғанға азық-түлік пакеттерін жеткізді.

60 тоннаға ұласқан гуманитарлық көмектер ең алыс ауылдарда өмір сүрген жетім балалар мен мүгедек азаматтарға қоса босқын лагерьлері мен ауруханаларға жеткізілсе, аймаққа енді де 100 тонналық бидай тұқымы жіберілді.

Түркияның Ауыл және орман шаруашылығы министрлігі өндірген тұқымдар Эскишехир, Киршехир және Кониядан 5 бөлек жүк көлігіне тиеліп, Ауғанстанға шығарып салынды.

Климат, топырақ құрылымы, тыңайтқыш, жаңбыр мен суаруға байланысты өнімділігі өзгеретін тұқымдар өнім ала бастағанда әрі ауған диқандары, әрі астыққа қол жеткізуде қиналған ауғандықтар үшін үміт көзі болмақ.



Ұқсас жаңалықтар