Министр Чавушоғлу "Қосылмау қозғалысы" саммитіне қатысты

Белградта Қосылмау қозғалысы 60 жылдық мерейтойына орай саммит өтті.

1717911
Министр Чавушоғлу "Қосылмау қозғалысы" саммитіне қатысты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу артып отырған теңсіздіктердің әлем тұрғын санының 70 пайыздан астамына теріс әсер еткенін білдірді. 

Мевлүт Чавушоғлу Әзербайжанның кезекті төрағалығы және Сербияның қонақжайлығында Белградта ұйымдастырылған Қосылмау қозғалысының 60 жылдық мерейтойына арналған жиналысқа министрлер деңгейінде қатысқан жалғыз арнайы қонақ ел өкілі ретінде үн қатты. 

Теңсіздіктің бүкіл әлемде көтеріліп жатқанына назар аударған Чавушоғлу «Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) есептеріне қарағанда, артып отырған теңсіздіктер әлем тұрғын санының 70 пайызынан астамына теріс әсер етеді» деді. 

Чавушоғлу дамыған және даму жолындағы елдер арасында өркендеу және технологиялық алшақтықтың технологиялық жаңалықтар жылдамданған сайын сайын артқанын тілге тиек етті. 

Түркияның «Даму жолындағы елдер үшін БҰҰ Технология банкіне» қонақжайлық жасап, өз жауапкершілігін орындағанын атап көрсеткен Чавушоғлу Түркияның «Әлем бестен үлкен» деп, бір БҰҰ-ның одан ауқымды және өкілдік күші жоғары бір жүйе үшін Түркияның шақыруын қайталады. 

Мевлүт Чавушоглу Қосылмау қозғалысының тұрақты даму және жаһандық тұғырдағы коронавирус (ковид-19) вакцинасына қол жетімдіктен Палестина мәселесі және террормен күреске дейін көптеген тақырыпқа ықпал ете алатынын ата отырып «Барша үшін жұмыс істейтін белсенді көп жақтылық, бәріміздің ортақ мақсатымыз болуға тиісті» деді. 

Түркия мүше болмағанмен 2006 жылдан бері саммиттер мен сыртқы істер министрлері отырыстарына қонақ ретінде шақырылған Қосылмау қозғалысы құрамында 120 мүше мемлекет пен бақылаушы мәртебеге ие 17 ел бар. 

Екінші жағынан Чавушоғлу Твиттер аккаунтынан жасаған мәлімдемеде «Белградта Ресей Сыртқы істер министрі Лавровпен президенттеріміз Сочиде талқылаған мәселелерді қадағаладық» деді. 



Ұқсас жаңалықтар