Мұстафа Шентоп АҚШ Өкілдер мәжілісі төрағасымен кездесті

Мұстафа Шентоп Америка Құрама Штаттары Өкілдер мәжілісі төрағасы Нэнси Пэлосиді Түркияға шақырғанын айтты.

1717103
Мұстафа Шентоп АҚШ Өкілдер мәжілісі төрағасымен кездесті

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп Америка Құрама Штаттары Өкілдер мәжілісі төрағасы Нэнси Пэлосиді Түркияға шақырғанын айтты.

Шентоп Үлкен 20 тобы кезекті төрағасы Италияның үй иелігінде Римде ұйымдастырылған Үлкен 20 тобы елдері Парламент төрағалары саммитіне қатысты. Мәжіліс төрағасы Шентоп саммиттен кейін Түркияның Италиядағы елшілігінде баспасөз жиналыс өткізді.

Шентоп саммитте коронавирус індеті процесі және осы процестен туындаған экономикалық мәселелер, жұмыспен қастамасыз етудегі қиыншылықтар, климат өзгерісі, қоршаған орта және босқын сынды тақырыптардың  талқыланғанын білдірді. 

Саммит аясында бірқатар елдің мәжіліс төрағаларымен кездескенін түсіндірген Мұстафа Шентоп АҚШ Өкілдер мәжілісі төрағасы Нэнси Пэлосимен де кездескенін атап өтті.

 



Ұқсас жаңалықтар