Ангела Меркель 16 қазанда Түркияға келеді

Германия үкіметі мәлімдемешісі Стефан Сейберт Меркельдің 16 қазанда Стамбұлда Президент Режеп Тайып Ердоғанмен кездесетінін білдірді.

1716927
Ангела Меркель 16 қазанда Түркияға келеді

Германия премьер-министрі Ангела Меркель 16 қазанда Түркияға келеді.

Германия үкіметі мәлімдемешісі Стефан Сейберт астана Берлинде жасаған мәлімдемесінде Меркельдің 16 қазанда Стамбұлда Президент Режеп Тайып Ердоғанмен кездесетінін білдірді.

Түркияның өздері үшін маңызды екенін түсіндірген Сейберт "Түркия өте маңызды ел" деді.

Сейберт Германияда миллиондаған адамдардың ата тегінің Түркияда болғанын баяндап, "Бұл адамдар екі ел үшін көпір рөлін атқаруда. Сондықтаy Түркиямен жақын байланыста болуымыз және бірге жұмыс істеуіміз керек" деген сөздер қолданды.

Мәлімдемеші Сейберт "Түркияның геостратегиялық орны себепті бір-бірімізді жақындастарған түрлі халықаралық тақырыптар бар. Түркия  одақтас ел" деді.

Сейберт "Түркия миллиондаған сириялық босқынды қабылдады.Бұның өзі үлкен жұмыс. Бұл еңбекті Еуропа Одағы бағалау керек" деді.



Ұқсас жаңалықтар