"Шейіт болған әскеріміздің қаны жерде қалмады"

Ұлттық қорғаныс университеті Әскери-теңіз академиясының 2021-2022 оқу жылы салтанатты рәсіммен ашылды.

1716434
"Шейіт болған әскеріміздің қаны жерде қалмады"

Сириядағы «Евфрат қалқаны» аймағында шейіт болған әскеріміздің қанының жерде қалмағаны, алғашқы мағлұматтарға қарағанда шабуылды жасаған 5 террористің залалсыздандырылғаны білдірілді.

Ұлттық қорғаныс университеті Әскери-теңіз академиясының 2021-2022 оқу жылы салтанатты рәсіммен ашылды. Рәсімге Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар, Бас штаб басқармасы төрағасы генерал Яшар Гүлер және басқа да қолбасшылар қатысті.

Салтанатты рәсімде сөйлеген сөзінде «Евфрат қалқаны» аймағында террористердің шабуылы салдарынан шейіт болған әскерлерге Алланың рақымын тілеген Акар «Шейітіміздің қанын жерде қалдырмадық және қалдырмаймыз. Батыр әскерімізді шейіт еткен террористтерге қарсы дереу операция бастадық. Алғашқы мағлұматқа қарағанда шабуылды жасаған 5 террорист қару-жарақтарымен бірге өлтірілді. Операция жалғасуда. Алдағы уақытта залалсыздандырылған террорист саны артады деп күтеміз» деді.

Акар Түркияны 40 жыл бойы мазалаған террорды тоқтатуға табанды екендерін атап, «» Бұл тек қана біз үшін емес, сондай-ақ көршілеріміз үшін де үлкен жетістік болады. 2015 жылы 24 шілде күні террормен күресте басталған жаңа кезең аясында қазірге дейін 18 мың 582 террористің көзі жойылды. 2021 жылы 1 қаңтар күнінен бастап 2 мың 136 террорист залалсыздандырылды» деді.



Ұқсас жаңалықтар