Мұстафа Шентоп Италияда

Шентоп екіжақты байланыстар жүргізеді.

1715999
Мұстафа Шентоп Италияда

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп  G20 кезекті төрағасы Италияда өтетін G20 Парламент спикерлері саммитіне қатысу мақсатымен Римде.

Мұстафа Шентоп Италия Сенатында «Адамдар, жер және гүлдену үшін парламенттер» деген тақырыппен өтетін G20 саммитінің ашылу сессиясына қатысады.

«Пандемиядан туындаған әлеуметтік және жұмыспен қамту дағдарыстарының шешімдері (Ковид-19)» сессиясында да сөз сөйлейтін Шентоп екіжақты байланыстар жүргізеді.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы Шентоп сонымен қатар G20 аясындағы «Әлеуметтік және экологиялық тұрақтылық тұрғысынан экономикалық өсуді жандандыру» деп аталатын сессияда баяндама жасайды.

Шентоп ертең болса «Пандемиядан кейінгі тұрақтылық және азық-түлік қауіпсіздігі» деп аталатын G20 сессиясында сөйлейді.



Ұқсас жаңалықтар