Ердоған АҚШ-ты сынға алды

Президент Ердоған Ресей мен АҚШ-ты террор ұйымына берген қолдауына орай ескертті.

1712822
Ердоған АҚШ-ты сынға алды

Президент Режеп Тайып Ердоған:

"Америкалық Бретт МакГурк деген бір адам бар. Бұл адам террористік ұйымдардың тасымалдауы мен әкімшілігіне жауапты болуда" деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінен кейін елге қайтар жолында ұшақта журналистердің сұрақтарына жауап берді, бағаландыру жасады.

Путиннің шақыруымен Сочиге барған іс сапарында екі жақтылы қарым-қатынастарды тың белеске көтеру және аймақтағы оқиғалар жайлы кеңескендерін айтқан Ердоған Түркияның Сирия жайлы Ресеймен шешімге келген барлық жағдайға тәуелділігі жалғасқанын, кері қадам басылмайтынын білдірді.

Сирияның Идлиб аймағында атысты тоқтатудың әсіресе Түркиядан кері қайтудың жылдамдайтынын айтқан Ердоған:

"400 мыңы Идлиб аймағынан бір миллионнан астам кісі үйлеріне, территорияларына қайтты. Бұл жақсы жағдай. Мұны арттыру және елімізде қонақ болған сириялықтардың еліне аман-есен қайтуы үшін қажетті жұмыстарды жалғастырудамыз" деп көрсетті.

Президент Ердоған:

"Мен ерекше тоқталған тақырып террористік ұйымдар PKK/YPG-нің Мәскеуде болуы. Мұны оларға ескерттім. Сонымен бірге бұл террор ұйымы АҚШ-та Ақ Үйде қонақ болды. Бұл жерде де өкінішке орай оларға ерекше мән берілуде. Баршаға аян америкалық Бретт МакГурк (Орталық Шығыс және Солтүстік Африка координаторы) деген бір адам бар. Бұл адам террористік ұйымдардың тасымалдауы мен әкімшілігіне жауапты болуда. Бұл адам PKK/YPG/PYD-нің директоры мәртебесінде.  Менің сөзім кейбіреулерді мазасыздандыруы мүмкін. Мұны білеміз. Алайда террористік ұйымдармен қол ұстасып, иық тіресіп жүрген бір адам бар. Мен террормен күресіп жатқан бір аймақта олардың террормен қол ұстасып жүруі мені шынында мазасыз етеді. Қазірдің өзінде бұл адамның террор ұйымымен қоян-қолтық бірге болуы тұғырын айқын көрсетуде. Американың ерте ме, кеш пе, бұл жерден кеткені, территорияны Сирия халқына тастағаны жөн. "Террормен күрес тақырыбына байланысты ұйымшылдығымызды тіпті бекемдеуіміз керектігін" оларға айттық" деп көрсетті.   



Ұқсас жаңалықтар