"Африкаға қолдауымыз жалғасады"

Сыртқы істер министрі Африка Лигасы комитетінің төрағасы Муса Факи Махаматпен бас қосты.

1712870
"Африкаға қолдауымыз жалғасады"

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркия ретінде Африка Лигасы және Африка елдеріне қолдауды жалғастыратындарын айтты.

Министр Анкараға ресми сапармен келген Африка Лигасы комитетінің төрағасы Муса Факи Махаматпен бас қосты.

Министр Чавушоғлу мен Махамат кездесуден кейін баспасөз өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Министр оңаша және делегациялық кездесулер өткізгендерін білдіріп: «Түркия мен Африка Лигасы арасындағы қарым-қатынастарды талқыладық. Африкадағы жағдай мен аймақтық проблемаларды қолға алдық» деді.

Ол Түркия мен Африка Лигасы Серіктестік саммитінің 17-18 желтоқсан күндері арасында өткізілуінің жоспарланғанын білдірді.  «Осы саммиттің табысты өтуін қалаймыз. Президент Режеп Тайып Ердоғанның нақты нұсқауы бар, барлық саммиттерден де табысты саммит болуы керек. Табысты өтуі үшін бар мүмкіндігімізді қолданамыз. 21-22 қазан күндерінде Стамбулда 3-ші Түркия-Африка экономика және бизнес форумы өткізіледі» деді ол.

Министр Африкаға коронавирус вакцинасы бойынша да көмек берілетінін айтты. «Көптеген салада нақты қадам басуымызды жалғастырамыз. Африка Лигасы және Африка елдеріне қолдауымыз жалғасады.  Түрік Кеңесі ретінде де Африка Лигасы елдеріне вакцина жібереміз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар