"Фетуллахшы террорлық ұйым - бауырлас елдер үшін қауіп"

Мұстафа Шентоп Түркітілдес мемлекеттер парламенттік ассамблеясының пленарлық жиналысында сөз сөйледі.

1711724
"Фетуллахшы террорлық ұйым - бауырлас елдер үшін қауіп"

Түркия Ұлы Ұлттық мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп Фетуллахшы террорлық ұйымының бауырлас елдер үшін ұлттық қауіп төндіргенін білдірді.

Мұстафа Шентоп Қазақстанның Түркістан қаласында ұйымдастырылған Түркітілдес мемлекеттер парламенттік ассамблеясының «Түрік әлемінде парламенттер арасы ынтымақтастық және болашақтан күтілетіндер» тақырыпты 10-шы пленарлық жиналысында сөз сөйледі.

Халықаралық қатынастарда парламенттер мен парламентарлардың маңызының бара-бара артқанына назар аударған Шентоп ТүрікПа-ның ортақ проблемаларға ортақ шешім табу үшін халықаралық деңгейде құрылым болғанын айтты. Ол сөзінде 2016 жылдың 15 шілде күні болған төңкеріс бастамасын еске салып, Фетуллахшы террорлық ұйымының жалғыз мақсатының ел биліктерін қолына алу екенін білдірді.

«Осы опасыз ұйымның бауырлас елдерде де ұлттық қауіп екенін қайталап айтқым келеді» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар