Түркия Сомалидегі шабуылды айыптады

Түркия Сомалидің Вададжир аймағында кеше жасалған террор шабуылын қатаң түрде айыптады.

1706476
Түркия Сомалидегі шабуылды айыптады

Сыртқы істер министрлігі жасаған жазбаша мәлімдемеде бас қала Могадишодағы Вададжир аймағына кеше жасалған бомбалы шабуылда кем дегенде 10 адам қаза тауып, көптеген адамның жараланғаны туралы хабардың өкінішті екені атап көрсетілді.

Опасыз шабуыл қатаң түрде айыпталған мәлімдемеде дос және бауырлас Сомали үкіметі және халқына көңіл айтылып, шабуылда қаза тапқандарға Алланың рақымы, жараланғандардың тез сауығып кетуі тіленді.

Мәлімдемеде «Түркия террормен күресте Сомалидің жанында болуды жалғастырады» делінді.



Ұқсас жаңалықтар