"Түркияны жалғыз тастады"

Ол Эгей теңізінің қақтығыс емес достықпен аталуын қалайтындарын атап көрсетті.

1705359
"Түркияны жалғыз тастады"

Президент Режеп Тайып Ердоған « Сириядан заңсыз миграцияның алдын алу күресінде Түркия жалғыз қалды» деді.

Ердоған 9 Ейлүл университеті мен Башкент университеті ұйымдастырған «Аралдар теңізі және Грециямен көршілік қарым-қатынас проблемалары» симпозиумына видео хабарлама жіберді.

Президент Ердоған былай деді: «Эгей теңізі ынтымақтастық пен бейбітшіліктің символы болуы керек болса да, өкінішке орай, ол соңғы жылдары гуманитарлық трагедиялармен бірінші орынға шықты. Сирияда 11 жылдан бері жалғасып келе жатқан  азаматтық соғыс пен қырып-жоюдан қашқан мыңдаған мигрант  Эгей теңізінде қайтыс болды. Мигранттардың өз елінде тыныш өмір сүруін қамдау үшін ешбір қадам басылмады.  Сириядан келген заңсыз миграциямен күресінде Түркия жалғыз қалды. Сириялық мигранттарға жабық есіктер біздің елдегі 251 азаматтың қанын төккен төңкеріс бастамасын жасаған кісілерге ашық болуы - адамзат үшін ұят».

Ол осы жағдайда Грекияның Түркияның игі ниетті істеріне үлес қосудың орнына максималист саясаттарын жылдамдатқанын айтты. «Босқын дағдарысы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың нығайтылуына арқалу болудың орнына осы тарихи мүмкіндікті Грекия өзінің көнбес ұстанымымен итеріп тастады» деді ол.

Ол Эгей теңізінің қақтығыс емес достықпен аталуын қалайтындарын атап көрсетті.  Президент осындай түсінікпен қазірге дейін келіспеушілікті арттырған тарап болмауға тырысқандарын білдірді.

Президент Ердоған сөздерін былай жалғастырды: «Көршіміз Грекиядан құқық пен мүдделерімізге құрмет көрсетуін, бір жақсы істерден аулақ болуы күтеміз. Грекиямен әділетке және ынтымақтастыққа сүйенетін, көршілік құқығына сай шешім жолдарын табатынымызға сенемін».



Ұқсас жаңалықтар