Ердоған Түркияның гидроэлектрде 10 ел арасында екенін айтты

Ердоған гидроэлектр саласына инвестицияның жалғасатынын білдірді.

1704603
Ердоған Түркияның гидроэлектрде 10 ел арасында екенін айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның гидроэлектр қуатында алғашқы 10 ел арасына кіргенін айтты.

Президент Ердоған әлеуметтік желіден Түркияның гидроэлектр қуатына байланысты мәлімдеме бөлісті.

"Билік басына келгеннен бері құрған гидроэлектр стансаларымызбен Түркияны осы салада ерекше мәртебеге жеткіздік. Инвестицияларды бұдан былайда жалғастырамыз. Елімізді энергияда тіпті жоғары сатыға көтереміз. Бізге сеніңіздер" деген Ердоған Түркияның гидроэлектр қуатында алғашқы 10 ел арасына кіргенін білдірді.

Президент Ердоған Түркияның 31 мың 436 мегаваттық құрулы күшке ие 735 гидроэлектр стансасы бар екенін, жалпы электр өндірісіндегі гидроэлектр үлесінің 20.1 пайызға жеткенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар