Фуат Октай Қырғызстанға барады

Түрік делегациясы Бірлескен Экономикалық Комиссиясының отырысына қатысады.

1704740
Фуат Октай Қырғызстанға барады

Вице-президент Фуат Октай және қасындағы делегация ертең Түркия-Қырғызстан Бірлескен Экономикалық Комиссиясының отырысына қатысу мақсатымен Қырғызстанға аттанады.

Оқтай 9-10-11 қыркүйек күнгі сапары барысында Түркия мен Қырғызстанның 10-шы Бірлескен экономикалық комиссия отырысы қарсаңында түрік компанияларының өкілдерімен кездеседі.  

Сапар шеңберінде Октай Қырғызстан Министрлер Кеңесінің Төрағасы мен комиссия тең төрағасы Улукбек Мариповпен жеке кездесу өткізеді.

Кейін Фуат Октай Қырғызстанда құрылысы аяқталған «Маариф» білім беру кешенінің ашылу салтанатына қатысады.



Ұқсас жаңалықтар