Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы қарым-қатынас жақсаруда

Чавушоғлу Түркияның Біріккен Араб Әмірліктерімен қарым-қатынастарында соңғы күндерде болымды қадамдардың басылғанын білдірді.

1704037
Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы қарым-қатынас жақсаруда

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу бір жеке теледидар каналында мәлімдеме жасады. 

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның Біріккен Араб Әмірліктерімен қарым-қатынастарында соңғы күндерде болымды қадамдардың басылғанын білдірді. 

Министр Чавушоғлу "Халықаралық қарым-қатынастарда мәңгілік дұшпандық немесе достық жоқ" деді. 

Мевлүт Чавушоғлу президент және министрлер деңгейінде кездесулер өткізілгенін және қарым-қатынастардың қалыпқа түсуі мүмкіндігін  білдірді. 

Түркияның Сауд Арабиясымен қарым-қатынастардың қалыпқа түсетініне сенгенін білдірген Чавушоғлу кейбір қадамдардың басылатынын және бұл туралы кездесулердің жалғасқанын айтты. 

Чавушоғлу сонымен қатар Мысырмен де қарым-қатынастарды қалыпқа түсіру процесінің жалғасқанын атап өтті. 

 



Ұқсас жаңалықтар