Чавушоғлу Ауғанстан жайлы мәлімдеме жасады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу "Кабул Халықаралық әуежайының басқаруы тақырыбында Катар және Америка Құрама Штаттарымен бірге жұмыс істеудеміз" деді.

1703894
Чавушоғлу Ауғанстан жайлы мәлімдеме жасады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу жеке теледидар каналында мәлімдеме жасады. 

Түркияның Кабул Халықаралық әуежайын басқару тақырыбында Катар және АҚШ-пен бірге жұмыс істегенін білдірген министр Чавушоғлу "Әуежай қазір кейбір техникалық ұшақтардың немесе гуманитарлық жәрдем апарған ұшақтардың қонуы үшін ашылды. Бірнеше ішкі рейстері де басталды. Эвакуацияланатын адамдар бар. Біз қайтқысы келген адаматтардың басым көбін Түркияға әкелдік. 1400-ден астам адамды эвакуацияладық" деді. 

Түркияның Талибанды танып-танымайтынына байланысты бір сұраққа Чавушоғлу "Бұл тақырыпта асықпау керек. Кең көлемді бір үкіметтің құрылуын жақтаймыз. Талибанның халықаралық ұйыммен бірге әрекет жасауы абзал. Әйелдердің орнына көңіл бөлуін тілеймін. Шарт-жағдайға және оқиғаның барысына қарай әрекет жасаймыз" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар