Президент жаңа оқу жылының ашылу салтанатына қатысты

Ол азаматтарды вакцина салдыруға шақырды.

1703233
Президент жаңа оқу жылының ашылу салтанатына қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған: «Коронавирус пандемиясынан туындаған қиыншылықтарға қарамастан ел көлемінде білім беруді кешіктірмеген бірнеше елдің біріміз» деді.

Ердоған Сұлтанахмет кәсіптік және техникалық Анадолы лицейінде 2021-2022 оқу жылының ашылу салтанатына қатысты.

Ол осында сөйлеген сөзінде «2021-2022 оқу жылы оқушыларымызға, мұғалімдерімізге, ата-аналарға, білім әлеміне және елімізге қайырлы болсын» деді.

Президент вакцина салудың маңызды екеніне назар аударып: «Вакцинацияда 100 миллион дозаға жақындап қалдық» деді. Ол вакцина салдыруға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар