Президент Сивас конгресінің 102 жылдығына орай хабарлама жариялады

Президент Ердоған «Сивас Конгресі Ұлттық күрестің іргетастарының бірі болған. Ұлтазаттық соғыстың дайындықтары осында жасалған» деді.

1702466
Президент Сивас конгресінің 102 жылдығына орай хабарлама жариялады

Президент Режеп Тайып Ердоған әртүрлі қиыншылықтарға қарамастан Сивас Конгресінде батылдық көрсете отырып, береке-бірлікті қорғаған түрік ұлтының Азаттық жеңіске қол жеткізгенін білдірді. 

Сивас Конгресінің  бетбұрыс кезеңдерінің бірі ретінде халқымыздың жадында өте маңызды орынға ие екенін баса айтқан Ердоған «Сивас Конгресі Ұлттық күрестің іргетастарының бірі болған. Ұлтазаттық соғыстың дайындықтары осында жасалған» деді.

Тарихы абыройға толған түрік ұлтының экономикалық және саяси тәуелсіздігінен әсте бас тартпай, табындылықпен жұмыс істегендерін түсіндірген Ердоған былай деді: "Әзіз ұлтымыздың ынта-жігерін алға қоя отырып, мемлекет ішіндегі әрбір сүйем жерге ие шығамыз. Сондай-ақ 2023 жылғы нысанамыз бен 2053 және 2071 жылғы жоспарымызды жүзеге асыру үшін күшті Түркия сапарымызды мықты қадамдармен жалғастырамыз. Сивас Конгресінің 101 жылдығында Түркия Республикасының құрушысы ардагар Мұстафа Кемалды, барлық батырларымыз бен шейіттерімізді құрметпен еске аламыз. Конгреске үй иелегін жасаған сивастықтар және барлық атаматтарға жалынды сәлем жолдаймын".

 



Ұқсас жаңалықтар