Чанаккаледе 59 босқын құтқарылды

Чанаккаленің Бозжаада ауданы маңында 59 заңсыз босқын құтқарылып, құрлыққа шығарылды.

1702338
Чанаккаледе 59 босқын құтқарылды

Жағалау қауіпсіздік қолбасшылығы жасақтары Чанаккаленің Бозжаада ауданы маңында  қайықта босқындар бар екені жөнінде ақпар алды. Аймаққа Жағалау қауіпсіздік қайығы жіберілді.

Қауіпсіздік күштері  қайықтағы заңсыз 59  босқынды құтқарып, құрлыққа шығарды.

Босқындар тексеруден өткеннен кейін Уәлаят миграция (Көші-қон) басқармасына жолданды.

 

 



Ұқсас жаңалықтар